КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ


«Көлік және қызметтер» жауапкершілігі шектеулі қоғамы 1998 жылғы тамызда құрылды.

КОМПАНИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ:

  • Мұнай және мұнай өнімдеріне көлік және экспедиторлық қызметтерін көрсету (КЭҚ):
    Новороссийск портында экспортты мұнайды экспедициялау жөніндегі толық кешенді қызметтер көрсету.
  • Турбулентке қарсы присадкаларды жеткізу және оларды практикалық қолдану:
    ПРесейде және Қазақстан Республикасында мұнайды және мұнай өнімдерін құбыр желісі көлігі арқылы тасымалдау барысында өнімділігін арттыру және/немесе жұмыс қысымын төмендету үшін "LiquidPower Specialty Products Inc." (АҚШ) компаниясы шығарған әртүрлі түрлендірілген турбулентке қарсы присадкаларды жеткізу және оларды практикалық қолдану бойынша қызметтер көрсету.

КОМПАНИЯНЫҢ САЯСАТЫ

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техника және қоршаған ортаны қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету - «Көлік және қызметтер» ЖШҚ қызметінің басым және маңызды аспектілері болып табылады. Компанияның осы саладағы мақсаттары мен міндеттерінен тұратын жасақталған ішкі саясаты оның негізгі қызметін жүзеге асыру шеңберінде ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жүйесінің жұмыс жасау ережелерін реттейді және Компанияның ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша іс-шараларының тиімділігі арттыруға бағытталады.

Компанияның ұлттық және халықаралық нормативтік-құқықтық актілерін сақтауға негізделген бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, оның басшылығы мен қызметкерлерінің корпоративтік мәдениетті жетілдіру, корпоративтік басқару мен Компанияның іскерлік абыройын қолдаудың озық тәжірибесін қолдануға бағытталған ашық және адал бизнесті жүргізудің жоғары этикалық стандарттарын ұстануын көрсетеді. Компанияның принциптері мен талаптары оның контрагенттеріне де таратылады.


ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

«Көлік және қызметтер» ЖШҚ басты және өзгермейтін жұмыс принципі – қызметтерді тұрақты жоғары кәсіби деңгейде көрсету - бұл қызметтер нарығында көп жылдық практикалық тәжірибесі бар және қосымша білім беру бағдарламасының шеңберінде үнемі біліктілігін арттыруға бағытталған қызметкерлерімен кепілді түрде қамтамасыз етіледі. Бағдарлама қызметкерлердің мамандандырылған семинарларына, конференциялары мен тренингтеріне қатыстыруынан, сонымен қатар басқарушы буындарының жобаларды басқару және негізгі клиенттермен тиімді жұмыс жасауды ұйымдастыру курстарында оқытудан тұрады.


БАСҚАРУ

Компанияның жетістігі басқару принциптеріне негізделеді – клиенттердің жеке қажеттіліктеріне бағытталу, оңтайлы басқару схемаларын әзірлеу және қолдану арқылы, сондай-ақ – тиімді ішкі стандарттары мен процедуралары арқылы кәсіпорынның операциялық тиімділігін басқару.

Компанияның қызметі сапа, еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық стандарттарын, сонымен қатар халықаралық және ресей заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтауға негізделеді. «Көлік және қызметтер» ЖШҚ 2001 жылдан бастап сертификатталған және клиенттерге мұнай және мұнай өнімдеріне көлік-экспедициялау қызметтерін көрсету, оларды жеткізу, сонымен қатар турбулентке қарсы присадкаларды жеткізу және қолдануға қатысты 9001:2008 Халықаралық Сапа Жүйесі стандарттары бойынша қызметтер кешенін көрсетеді.


РЕСУРСТАР

Жоғары сапалы қызметтер көрсету үшін «Көлік және қызметтер» ЖШҚ Новороссийск қаласындағы кеңсесі барлық қажетті су жаңа байланыс құралдарымен, көлікпен, кеңсе техникасымен және бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарымен толық жабдықталған.




Информация представленная на сайте ООО «Транспорт и услуги» только для ознакомления, не подлежит копированию и не может передаваться третьим лицам.