ҚЫЗМЕТТЕР
Мұнайға көлік-экспедициялау қызметін көрсету.
«Көлік және қызметтер» ЖШҚ Новороссийск порты арқылы теңіз көлігімен экспортталатын мұнайға көлік-экспедициялау қызметін көрсетуге байланысты порт қызметтерінің толық көлемін көрсетеді. Көлік-экспедициялау қызметін көрсету қызметтерінің көлемі:
- Кеден органдарында рәсімдеу және жүк тиеуге экспорттық тапсырмасын беру;
- Клиенттің нұсқаулықтарына сәйкес жүк тиеу құжаттарының толық жиынтығын қоса, қажетті тауарлық-көліктік құжаттарды рәсімдеу және оларға қол қою;
- Клиентке танкерлерді терминалдарға тиеудің барлық кезеңдері туралы тәулік бойы хабарлау;
- • Клиентке Ресей Федерациясы мен Кеден Одағының қолданыстағы кеден заңнамаларының талаптары, «Новороссийск портының теңіз әкімшілігінің (НПТӘ) міндетті қаулылары», жүк терминалдары мен басқа да мүдделі ұйымдарының талаптары туралы кеңес беруден тұрады.
- Компания көлік-экспедициялау қызметтерін көрсету бойынша қызметтерді 12 жыл ішінде көрсетеді, осы уақыт ішінде өз клиенттері атынан және олардың тапсырмалары бойынша 260 млн. тоннадан астам мұнай өңделді.
Турбулентке қарсы присадкалар (DRA)
«Көлік және қызметтер» ЖШҚ-ы – мұнай мен мұнай өнімдеріне арналған турбулентке қарсы (антифрикциялық) присадкаларын өндірудегі әлемдік жетекшісі және пионері болып саналатын "LiquidPower Specialty Products Inc." (Хьюстон, АҚШ) www.lubrizolspecialtyproducts.com – компаниясының эксклюзивтік дистрибьютері болып табылады. Бүгінгі күні барлық климаттық диапазондарын қамтитын әртүрлі түрлендірілген турбулентке қарсы присадкаларын жеткізу және оларды құбырларда қолдануға арналған жабдықтарды ұсыну компания қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Турбулентке қарсы присадкаларын жеткізу бойынша қызметтерді көрсету барысында «Көлік және қызметтер» ЖШҚ-ы өз клиенттеріне келесілерден тұратын тегіс қамти алатын қызметтер пакетін ұсынады:
- Присадканы колданудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу;
- Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынаулар жүргізу;
- Присадка мен құрал-жабдықтарды «есіктен-есікке» жеткізу;
- Кедендік рәсімдеу;
- Құрал-жабдықтарды монтаждау, реттеу;
- Клиенттің техникалық қызметкерлерін оқыту;
- Присадкаларды іске қосу модульдері мен ілеспе құрал-жабдықтарға ағымдағы және жоспардан тыс жөндеу жүргізу, оларға техникалық қызмет көрсету, қосалқы бөлшектерді жеткізу;
- 24-сағаттық техникалық қолдау және ілесіп жүру.
Көп жылдар бойы жиналған практикалық тәжірибе, кепілді жоғары сапалы қызметтер көрсету, материалдық-техникалық ресурстары мен жоғары білікті қызметкерлерінің болуы, өндірушімен тығыз қарым-қатынаста болуы және шарттық міндеттемелерін мүлтіксіз сақтауы компанияға осы нарық сегментінде жетекші болуға мүмкіндік береді.
ҚОСЫМША
Клиенттерінің заманауи технологияларды енгізу жөніндегі талаптарына сәйкестігі бойынша мұнай саласында едәуір тәжірибе иесі бола тұра, «Көлік және қызметтер» ЖШҚ-ның мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау және сақтауға байланысты Клиенттерінің инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету бойынша шешімдерді іздестіру және оларды пайдалану жөнінде мүмкіндіктері бар.
Информация представленная на сайте ООО «Транспорт и услуги»
только для ознакомления, не подлежит копированию и не может передаваться
третьим лицам.